10 жастағы баланы сел ағызып кеткен

10 жастағы баланы сел ағызып кеткен
Фото: видеодан кадр

Қырғызстанның оңтүстігінде 10 жастағы баланы сел ағызып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Бала оқиға салдарынан қаза тапқан. Жалалабад облысындағы толассыз жауын соңы су тасқынына ұласып, лай көшкіні болған.

Төтенше жағдайдан Наукен ауданына қарасты Бостон мен Ескі Қошқар ата ауылдары қатты зардап шеккен. Ондағы 300-ге жуық үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. 2643 үй мен қоражай су астында қалған.

Бішкек-Ош тасжолының 518-шақырымын сел басты. Қазір жол тазаланып, біржағы көлік қозғалысы үшін ашылды. Табиғат апатынан кейіл елдімекендерді қалыпқа келтіруге төтенше жағдайлар министрлігі, милиция, жергілікті әкімшілік қызметкерлері мен арнайы техникалар жұмылдырған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова