"Жасандылықтан қашамыз". Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай отбасылық өмірлері туралы айтты

Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай "1001 түн" бағдарламасында отбасылық өмірлері туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнерлі жұп тұңғыштары туралы әңгімеледі.

"Шынымды айтсам, әлеуметтік желі мен өмірді бірдей ұстап жүруге тырысамыз. Өмірде балаға мүлдем қарамайды, әлеуметтік желіде супер болып көрінеді деген нәрсе жоқ", - Ақерке Бүркітбай 

"Жасандылықтан қашамыз, шынайылық әрқашан сезіледі. Халық бірден бәрін біледі, көреді, алдағанды ұнатпайды. Мінсіз әкеміз, мінсіз анамыз деп айта алмаймын. Ең алғашқы баламыз ғой. Өз басыңа келгенде бөлек екен. Көп жағдайда не істеу керек екенін білмей қаламыз. Бірақ туысқандарымыздың, кәсіби мамандардың арқасында өсіріп жатырмыз", - деді Әли Оқапов.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз