Павлодарда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен жігіт іздестіріліп жатыр

Павлодарда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен жігіт іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Жігіт бір айдан аса уақыт бұрын жоғалып кеткен. VITA еріктілер жасағының мәліметінше, 34 жастағы Мақсат Дәуітпаев 30 сәуірде жоғалған. 

Еріктілердің айтуынша, сол күні жігіт вокзал алаңында болған. Содан бері оның орналасқан жері белгісіз, байланысқа шықпайды.

"Белгілері: бойы 160-165 сантиметр, дене бітімі арық, көзі мен шашы қара. Кеудесі мен білегінде тыртықтары бар. Ол көк түсті спорттық костюм, қара, қысқа күртеше, көгілдір футболка, ақ бас киім және қара кроссовка киген", - деп жазылған мәліметте.

Еріктілер жоғалған адам туралы ақпараты бар кез келген адамнан өздеріне хабарлауды немесе полицияға қоңырау шалуды сұрайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!