Көлігіне арнайы сигнал орнатқан атыраулық жазаланды

Атырау тұрғынына көлігіне әдетте жедел және арнайы қызмет көліктерінде орнатылатан жарық сигналдар орнатқаны үшін айыппұл салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Атырау қаласының әкімшілік құқықбұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған сотының мәліметінше, іс ӘҚБтК-нің 603-бабының 1-бөлігі бойынша қаралды.

Құрылғы көліктің алдыңғы жағына орнатылған, бұл іс материалдары арқылы дәлелденді. Әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін тұрғынға 38 766 теңге айыппұл салынды. Ал құрылғының өзі тәркіленді.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!