"Шектен шықпаңыздаршы". Алтынай Жорабаева өнердегі әріптестеріне шүйлікті

Танымал әнші Алтынай Жорабаева іс-шараларда мобилограф ертіп жүретіндерге шүйлікті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі мұның бәрі сырттай ерсі көрінетінін жеткізді.

"Мобилографпен жүретін жандар! Қатты шектен шықпаңыздаршы өтініш. Құран оқитын жер болсын, тіпті той болсын. Қонаққа барып отырсаң амандасқанына дейін, сыйлық бергеніне дейін түсіріп, жаман көрінеді, рас айтамын. Инстаға салғанда халыққа білінбейді. Бірақ сіздер солай мобилографыңызбен кіріп келгеніңіз сырттан жаман көрінеді. Бәрі тек көрсету үшін екені сырттан жаман көрінеді. Жарайды, жұмысыңызды, өнеріңізді жасаңыз. Тіпті блогерлердің іс-шарасы болса да мейлі. Бірақ шектен шықпаңыздаршы. Артық айтсам, кешірім сұраймын", - деп жазды ол.

Көпшілік әншінің бұл пікірін қолдады.

"Дұрыс айттың, Алтуша, қосыламын", "Артық емес. Дұрыс қой. Той болсын, қандай іс шара болсын адам шақырады, мысалы, 2 адам 4 боп келеді", "Алтынай, өте дұрыс айттың, осы туралы Роза Қуанышқызы апамыз айтқан", "Өте дұрыс адамдар тек мақтанышпен өмір сүріп жатыр", - деді желідегілер.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!