Әйел зорлады деп айыпталып, кейін ақталған қазақстандық блогер сот залында қамауға алынды

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы блогер Думан Ерқанатқа қатысты қылмыстық істі қарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот процесі ҚПК-нің 29-бабына сәйкес жабық режимде өтті. 

Бұған дейін бірінші сатыдағы соттың үкімімен Ерқанат зорлау бойынша кінәлі деп танылған болатын (ҚК-нің 120-бабының 1-бөлігі). Оған 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. 

Апелляциялық саты бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін жойып, ақтау үкімін шығарған. 

Қылмыстық іс материалдарын зерделеген алқа Ерқанаттың кінәсі дәлелденді деп таныды.

Қорғаушы тараптың дәлелдері жиналған дәлелдемелермен жоққа шығарылады. 

"Заң талаптарына байланысты басқа ақпарат ұсынылмайды.  Жоғарыда айтылғандардың негізінде кассациялық алқа ақтау үкімін бұзып, бірінші сатыдағы соттың айыптау үкімін күшінде қалдырды", - деп хабарлады Жоғарғы сот.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз