Мәдина Сәдуақасова ұлының туған күніне не сыйлағанын көрсетті

Әнші Мәдина Сәдуақасованың ұлы 10 жасқа толды. Ол Instagram-да ұлының туған күніне не сыйлағанын көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мәдина Сәдуақасова баласының алғашқы мерей тойына iPhone 15 пен Apple watch сыйлаған.

Өнер иесінің ұлы бұл сыйлыққа қуанып, ата-анасына рақмет айтты.

Сонымен бірге әнші ұлының туған күнін тойлауға қалай дайындалып шыққанын көрсететін видеоны да бөлісті.

"Әнуар ұлдарыңыз 10-ға келді, алғашқы мерейтой, туған күнге жиналуымыз осылай", - деп жазды ол.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!