Джастин Тимберлейк қамауға алынды - БАҚ

Америкалық танымал әнші Джастин Тимберлейк мас күйінде көлік жүргізгені үшін қамауға алынды. Бұл туралы ақпаратты АҚШ құқық қорғау органдарындағы дереккөздерге сілтеме жасап ABC News жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші дүйсенбі күні кешке Нью-Йорктегі Саг-Харборда қамауға алынған. Оның сейсенбі күні соты өтеді.

Басылым басқа мәліметтерді жария етпеді. 43 жастағы Тимберлейктің Чикаго мен Нью-Йоркте бірнеше концерті жоспарланған.

Джастин Тимберлейк - әйгілі әнші, "Эмми" сыйлығының төрт дүркін және "Грэмми" сыйлығының тоғыз дүркін иегері.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!