Түркістан облысында бір мектептен 27 түлек "Алтын белгі" иегері атанды

Түркістан облысы Жетісай ауданы Бауыржан Момышұлы атындағы №6 мектеп-гимназиясында мектеп түлектеріне арналған аттестаттарды тапсыру салтанаты өткізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Осы оқу жылында мұнда 88 оқушы аяқтаған. Оның ішінде 27 түлекке – "Алтын белгі" және 14 түлекке – "Үздік аттестат" тапсырылды.

"Бұл күн - баршамыз үшін жүрек тебірентіп, көңіл толқытатын сәт. Олай дейтініміз, мектеп қабырғасында ұлағатты ұстаздар қауымының тәлім-тәрбиесін алып, білім нәрімен сусындап өскен ұл-қыздарымыз жаңа өмір әлеміне нық сеніммен қадам басқалы тұр. Сапарларың оң болсын, жас түлектер!", - деді мектеп-гимназия директоры Шохан Нұрбеков.  

Еске салайық, бұған дейін  биыл 7420 оқушы "Алтын белгі" алғанын хабарлаған едік. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!