Бублик Германиядағы былтыр чемпион атанған турнирді сәтті бастады

Германияның Халле қаласында шөп төсенішінде ATP 500 санатындағы турнир басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Александр Бублик бірінші айналымда аустралиялық Макс Перселді (ATP 101) 7:6 (7:1), 6:4 есебімен ұтты.

Қазақстанның бірінші ракеткасы екінші айналымда америкалық Кристофер Юбэнкспен ойнайды.

Жүлде қоры 2 255 655 еуро болатын Халледегі жарыс 17-23 маусым аралығында өтеді. Турнирдің қазіргі чемпионы - былтырғы финалда Андрей Рублевті ұтқан қазақстандық Александр Бублик.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!