Каспийде sup board-пен сырғанауға барған екі ер адамды ағыс ағызып кете жаздады

Каспий теңізінде екі адам құтқарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін, 18 маусымда 2000 жылы туған Ақтөбе облысының екі тұрғыны sup board-пен сырғанауға теңізге барған. Оларды ағын теңізге алып кеткен.

"Агитациялық-профилактикалық жұмыстарды жүргізу кезінде ТЖМ жедел құтқару жасағының құтқарушылары жағалаудан 1 500 метр жерде "Солдат" жағажайы аумағында көмек сұраған адамдарды көрген.Олар қайықпен жағалауға жеткізілді", - делінген хабарламада.

Ер адамдардың жағдайы тұрақты. Медициналық көмек қажет болмады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз