Дене терісі күнге күйіп қалса, қалай емдеу керек?

Дене терісі күнге күйіп қалса, қалай емдеу керек?
Фото: freepik.com

Жазда шомылуға барып немесе күн астында ұзақ жүріп қалсаңыз, дене және бет теріңіз күйіп қалуы мүмкін. Әдетте адамдар күнге күйген теріні үй жағдайында емдеуге тырысып, көптеген қателік жіберіп жатады. Ал мұндай қателіктер салдарынан теріңіз айтарлықтай зардап шегіп, ауруға шалдығуы ықтимал. Бұл туралы дерматолог Наталия Гайдаш айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Sputnik" радиосына сілтеме жасап.

Оның сөзінше, жазда терісін ультракүлгін сәулелерден қорғамайтын кез келген адам күннен күйіп қалуы мүмкін, мұндай зақымданулар ұзақ уақыт жазылады. Ал үй жағдайында емдеу кезінде жіберілетін қателіктер көбінесе қабыну процесін нашарлатады.

Наталия Гайдаш ешбір жағдайда күйікті майлауға немесе теріде пайда болған көпіршіктер мен қыртыстарды мерзімінен бұрын алып тастауға тырыспау керегін айтты.

"Бұрын қаймақ, айран, шабдалы немесе зәйтүн майы сән еді. Бұл өнімдерді неге жағуға болмайды? Өйткені бұл теріде қабық жасайтын майлы өнімдер, осы қабықтың астында жылыжайдағыдай жұқпалы процестер дамиды, егер көпіршіктер болса, оларды мәжбүрлеп ашудың қажеті жоқ, оған өзі ашылуға мүмкіндік беру керек. Олар ашылған кезде, тітіркендіргіш әсер етпеуі үшін қыртысты тырнақ қайшымен мұқият алып тастаған дұрыс", - деп түсіндірді дәрігер.

Маман күннен күйіп қалған жағдайда бірінші кезекте дымқыл, суық матамен орау дұрыс екенін алға тартты.

"Сіз жай ғана суға малынған матаны алып, орап алуыңыз керек, бұл бірінші сәт. Екіншісі, құрамында алоэ сияқты қабынуға қарсы препараттар бар ылғалдандырғыштар. Егер ісіну болса және теріде көпіршіктер пайда болса, қабынуды басатын кортикостероидтарды бір немесе екі рет қолдануға болады", - деп кеңес берді ол.

Тағы да оқи отырыңыздар: Биыл қанша бала «Алтын белгі» алды?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә