Ақмола облысында алиментті әдейі төлемей жүрген адам қылмыстық жазаға тартылды

Астрахан ауданы прокуратурасының талдау нәтижелері бойынша алимент төлемегені үшін 2 борышкер Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 139-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Борышкерлер кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент төлеуден әдейі жалтарғаны анықталды.

Мысалы, "Р" борышкері 2019 жылдан бастап алимент төлемені үшін Астрахан аудандық сотының қаулысы бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабы 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Берешек - 5 млн теңгеден асады.

Алайда, әкімшілік жауапкершілікке тартылғаннан кейін өзі үшін тиісті қорытынды жасамай, кәмелетке толмаған балаларды асырауға қаражат төлеуден жалтыруды жалғастырған.

Осыған байланысты, "Н" борышкеріне қатысты ҚК-нің 139-бабы бойынша айыптау үкімі шығарылып, сотпен 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу және жазаны өтеудің барлық мерзіміне мәжбүрлі еңбек түрінде жаза тағайындалды.

Айта кетейік, ата-ананың кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға қаражат төлеу бойынша міндеттерін 3 айдан астам орындамағаны үшін ҚК 139-бабы бойынша 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, сондай-ақ 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жаза көзделген.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!