"СҚ-Фармацияны" 4 жыл басқарған Есқалиев қызметінен мерзімінен бұрын кетті

Ерхат Есқалиев "СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы қызметінен мерзімінен бұрын босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

"СҚ-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Есқалиев Ерхат Серікұлының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес, ол 18 маусымнан бастап қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Ерхат Есқалиев 2020 жылдан бастап "СҚ-Фармация" ЖШС басқарған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!