10 адам зардап шеккен: Орал базарындағы жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Орал қаласындағы "Ел ырысы" базарында газ баллоны жарылып, 10 адам зардап шегуіне қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Орал қаласы ТЖ басқармасының аға анықтаушысы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Мирлан Таңаттың айтуынша, газ баллоны Құрбан айтқа байланысты ашық алаңда қойдың басын үйіту кезінде жарылған.

Оның сөзінше, бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы 1-бөлігіне (өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, өрт-техникалық сараптама тағайындалды. Зардап шеккендердің ішінде жансақтау бөлімінде жатқан ер адамдардың бірінің денесін қатты күйік шалған.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі бұл оқиға бойынша ТЖ департаменті тергеу жүргізіп жатқанын жеткізді.

Еске салайық, бұған дейін оқиға 16 маусымда сағат 10.00-ден кете мал союға арналған орында болғаны хабарланды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!