Петропавлда 10 жастағы баланың денесі іздестіріліп жатыр

Петропавлда Есіл өзеніне батып кеткен 10 жастағы баланың денесін іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Петропавловск.news-қа сілтеме жасап.

Құтқарушылар 2014 жылы туған жасөспірімнің денесін іздеп жатыр, ол ересектердің бақылауынсыз тыйым салынған жерде суға түсіп жүріп батып кеткен.

"Іздеу жұмыстарына СҚО ТЖ департаментінің жеке құрамының 52 адамы, оның ішінде 5 техника, суасты дроны жұмылдырылды. Іздеуге еріктілер мен полиция қатысады", - деп жазылған мәліметте.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!