"Күнкөрісіміз - той, жасырмаймын". Нұржан Төлендиев немен айналысып жүргенін айтты

"Күнкөрісіміз - той, жасырмаймын". Нұржан Төлендиев немен айналысып жүргенін айтты
Фото: әлеуметтік желіден

Танымал әзілкеш, актер Нұржан Төлендиев "1001 түн" бағдарламасында қазір немен айналысып жүргенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесінің сөзінше, "Алдараспан" театры жуырда сапармен Өзбекстан еліне барады. Сондай-ақ, өзі жиі тойға шығатынын жеткізді.

"Қазір үйде көп болып жатқан ештеңем жоқ. Өйткені сапардамын. Мен үйде жатсам, бала-шағаны кім асырайды? "Алдараспан" театры жылына гастрольдік сапарға бір рет шығады. Одан кейінгі уақыттарда мемлекеттік қызметте істемеймін. Әуелі Алла, екінші халықтың ынтызарының, сол кісілердің қолдауының арқасы шығар, той. Оны жасырмаймын, күнкөрісіміз той ғой. Ақ адал маңдай теріміз. Әдемі киініп алып, үш-төрт әнімізді алып, 5-6 миллион алып қайтпаймыз. Ерте барамыз, сол үйдің той егесінің әулетімен танысамыз. Сонымен 5-6 сағат аузың көпіріп жүргізесің. Асаба деген психолог болуы керек. Анаңдай адамға бейәдеп сөз айтпау керек. Бізде біреумен біреуді аунатып билетеді ғой. Менде ондай жоқ, мен ойын ойнатпаймын, басында келіскенде солай айтамын", - деді ол.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова