Атырау облысында 19 жастағы қыз көпірден секірмек болған

Атырау облысында 19 жастағы қыз көпірден секірмек болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ІІМ баспасөз қызметі мәліметінше, 17 маусымда Құрманғазы ауданында патрульдік полицейлер Әділбек Темірболатов, Айтуған Бақтығалиев және Нұрмағамбет Мукушев өздеріне бекітілген аумақтан, Бұзаусылан каналындағы көпірден іс әрекеті оғаш көрінген ер адамды байқаған.

Полицейлер ер адамның суға секірмек болған қызды райынан қайтармақ ниетте екенін көргенде шұғыл әрекет етіп, оны қауіпсіз жерге шығарған.

"Мәселенің мән-жайын тексеру барысында көпірден секірмек болған 19 жастағы аудан тұрғыны екені анықталды. Аудандық полиция бөлімінде қылмыстық іс тіркеліп, тергеу басталды", - деп жазылған хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!