Жезқазғанда төрт жасар бала суға батып кетті

Жезқазғанда төрт жасар бала суға батып кетті
Фото: depositphotos.com

Жезқазғанда Кеңгір су қоймасына 4 жасар бала батып кетті. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін жарты сағаттан астам уақыт күресті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға 16 маусымда Медзаводские саяжайларында болған.

Куәгерлердің айтуынша, бала туыстарымен бірге су қоймасының жағасында демалып жатқан. Оның суға қалай түскенін және сол кезде ересектердің қайда болғанын тергеу органдары анықтап жатыр.

Сәбидің өлімінің нақты себебін анықтау үшін баланың өліміне сараптама тағайындалды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан