"Тағы бір арманымыз орындалды". Актриса Жанель Мақажан қуанышты жаңалығын бөлісті

Актриса, блогер Жанель Мақажан әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Актриса көлік сатып алғандарын айтты.

"Көлік сатып алдық. Шүкір, тағы бір арманымыз орындалды. Бұл видеода балаларға тосынсый жасағымыз келді, олардың эмоциясына ештеңе жетпейді. Әрқайсыңызға көлік алуға тілектеспін. Гаражға +1. Құттықтаулар қабылдаймыз", - деді ол.

Желі қолданушылары өнер иелерінің қуанышына ортақтасты.

"Құтты болсын!!! Көлік жоқтарға жұғысты болсын", "Өте шынайы, әдемі видео. Тұлпар құтты болсын!", "Рахаттарыңа мініңіздер! Таза еңбекпен келгендегі сезім, қуаныш басқаша болады. Соны сезіне алдық. Әр ата-ананың баласы еңбекқор, мақсаты айқын, арманына талмай жететін азамат болсын!", "Алла берекесін берсін! Одан да жақсырын бұйырып, адалынан болсын!!! Тіл көзден сақтасын! Еңбекпен және махаббатпен келген дүние әрқашанда тәтті болады", "Жетістіктерің көп болсын! Бізге жұғысты болсын", - деді олар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!