Бірнеше пәтердің бағасы: танымал блогер құны 150 миллион тұратын көлік алды

Танымал блогер Қайша Керей құны 150 миллион тұратын көлік алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл жаңалықты депутат, блогер Дәулет Мұқаев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

"150 миллионның AMG-63 гелені бәріңізге жұғысты болсын! Қуаныш досымның Қайшаға жасаған сыйлығы. Игіліктеріңе мініңдер. Төрештің де бір арманы орындалды", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары жылы лебіздерін жазды.

"Қайша Өскеменде студент кезінде коммерсант болған пысық қыз", "Байыса қазақ байысын. Әр отбасында ер азаматтар әйелін осылай бағалап, қадіріне жетіп сыйлық беріп жатса, неге қуанбасқа?", "Құтты болсын! Игілігіне мінсін! Бірақ осы кісілер осындай жағдайға қалай жетті? Қандай еңбек етті? Сол жағын көбірек көрсетсеңіз. Мотивация болсын!", "Қандай мықты әйел. Лайықты болып тұр. Бақыттары баянды болғай... Ер азаматтарымыз осындай дәрежеге жетсін", - деді олар.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!