"Интригасыз". Танымал блогер мен футболшы гендер пати өткізді

Танымал блогер Мерей Әбілова мен футболшы Димаш Қашкен оқырмандарынан сүйінші сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Олар жуырда балалы болатынын көрсететін бірнеше фото жүктеді.

"1+1=3💖", - деп жазды жұлдызды жұп.



Бірнеше минут бұрын ғана жарияланған бұл жазба он мыңдаған лайк жинап үлгерген.

Желі қолданушылары ерлі-зайыптыға құтты болсын айтып жатыр.

Олар "Қыздары Мерейге ұқсап туса, күшті болар еді, аман-есен өмірге келсін", "Құттықтаймын!, "Көркем түрде бұйырсын", "Енді Мерей екі қабат деп ешкім жазбайды. Тіл көзден аман болыдар жандарым" деп жазып жатыр.

Мерей Әбілова мен Димаш Қашкен достарының, туыстарының басын қосып, гендер пати өткізген.

Олар ешқандай интригасыз бұл кештің видеосын бірден салуды ұйғарған. Видеодан байқауымызша, жұлдызды жұп жуырда қыздың ата-анасы болады.

Еске салайық, бұған дейін Жансая Махабаева есімді блогер Мерей Әбілованың бір күндік образы қанша тұратынын есептеп көрген еді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!