"Тестостерон неге құйдырмайды?" Клининг компанияны басқарып отырған жігіт хейтерлеріне жауап берді

Клининг компанияның директоры, әлеуметтік желіде танымал блогер, кәсіпкер Нұрхан Нұрмаханбет хейтерлеріне жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Тестостерон неге құйдырмайды, неге салдырмайды? деген сияқты сөзді де оқығанмын. Ол сұраққа жауап бергім келеді. Енді мен ол сұраққа жауап бергім келеді: бұл образымда ешкімге келеңсіздік тудырып жатқан жоқпын, мен олардың жолын байлап жатқан жоқпын. Өзіммен өзім жұмыс істеп жүрген адам болғандықтан, өз өмірім, өзімнің алдағы жоспарым болғандықтан, өзім білемін деп ойлаймын. Маған ол сөзді, ол ақылды отбасым ғана айтуға міндетті деп ойлаймын. Мен енді  тестостерон құйдырамын ба, дәрігерге қараламын ба - өзім білемін. Алла қалай жаратты - солай бар, өзімді солай әлеуметтік желіде көрсетемін. Олар не айтады, не жазады - маған бәрібір екен, қызық емес", - деді ол журналист Абылайхан Өмірбайға берген сұхбатында.

Қазақстандық клининг-компанияның директоры, әлеуметтік желіде танымал блогер, кәсіпкер Нұрхан Нұрмаханбет бүгінде 200-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Қазақстан бойынша алты филиалды басқарады.

Еске салайық, бұған дейін Нұрхан Нұрмаханбет бастапқыда жағымсыз пікірлерді оқып, бір апта бойы жұмыс істемей жатып қалған кезін айтып берген еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!