Айнұр Тұрсынбаева бір жасар немересіне дүркіретіп той жасады

Айнұр Тұрсынбаева бір жасар немересіне дүркіретіп той жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Айтыскер ақын немересінің бір жасқа толуына орай тұсау кесер тойын өткізген.

"Осыдан тура бір жыл бұрын әлемімізге Әлем келді! Туған күніңмен, балапаным!" - деп жазды ол.

Желі қолданушылары Айнұр Тұрсынбаеваны шаңырағындағы қуанышпен құттықтады.

"Кеше туған Әлемің, келді бүгін бір жасқа, ұлан асыр той жасап жатсың құрбы-құрдасқа, өз балаңды өскенше, немереңді өлгенше деген сөзі қазақтың, кетпейді ғой құр босқа. Өсіп, өніп Әлемің, берсін елге сәлемін, салт дәстүрді құрметтеп, қадірін білсін кәденің. Атына сай өскенде, азамат болсын ардақты, анасындай ақылды, әкесіндей салмақты. Әжесіндей ақын боп, елді аузына қаратқан, танымал болсын әлемге, бір Алла өзі қолдасын, жар бола көрсін Жаратқан", "Немереңіздің алғашқы қадамы құтты болсын! Сол қадамымен биік шыңдармен асу белестерді бағындырсын. Әлемге аты шыққан Әлем болсын. Әлемнің қасында айдай жарқыраған әжесі болсын", "Жаңа жасы құтты, берекелі жас болсын, Алла деніне саулық берсін, ғұмырлы қылсын! Бақытты балалық шақ тілеймін, ата анасы аман болсын! Аллахым артынан іні-қарындастарын берсін", - деді олар.

Бүлдіршіннің тұсауын әнші, қазақ өнерінің жанашыры Қыдырәлі Болманов пен депутат Дәулет Мұқаев кесті.

"Әлемнің тұсауын әлемге қазақты танытқан адам кесуі керек деп ойладық. Біреуі - менің туған ағам, біреуі - туған бауырым. Туған ағам - Қыдырәлі Болманов, қазақтың өнері үшін бүкіл өмірін арнаған қазақтың азаматы. Қаншама қазақ баспаналы болсын деп қазақ үшін түн ұйқысын төрт бөлген Дәулет Мұқаев арнайы Астанадан келіп тұр", - деді Айнұр Тұрсынбаева.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз