"Зәкеңнің қойып кеткен плитасы". Мақпал Жүнісова үйінде жүріп жатқан жөндеу жұмыстарын көрсетті

"Зәкеңнің қойып кеткен плитасы". Мақпал Жүнісова үйінде жүріп жатқан жөндеу жұмыстарын көрсетті
Фото: әлеуметтік желіден

Мақпал Жүнісова үйінде жүріп жатқан жөндеу жұмыстарын көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Баяғы Зәкеңнің қойып кеткен плитасы. Мұны жыл сайын бояймыз. Екі жылда бір бояймыз. Қабыршақтанып күнге күйеді де, түсіп қалады. Мәкең миллион теңге береді де қайтадан сырлатады. Алып тастайын десем, жігіттер "өте мықты бетон, қазір мұндай жоқ, тұра берсін" дейді. Мақтанып айтып отырмын, бізге Арғындар келе жатыр десе де қуанамыз, ертең Албандар "келе жатырмыз көмекке" дегесін қуанып жазғаным ғой", - деді әнші.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)

Ал желі қолданушылары әншімен көрші болғысы келетінін айтты.

"Енді бір осыны жасап беретін біздің намысы күшті азаматтар бар! Келіп жасап берер", "Зәкең тірі қалса қандай елде тұратыңызды бір Алла білер еді. Қандай қарапайым, жақсы адамсыз, Мақпал. Денсаулық, халықтың ең сүйкті әншісі боп еркелеп жүре беріңіз. Аман болыңыз", "Көршілеріміздің арманы жоқ шығар сізбен көрші болғанына, "Сізбен көрші болсам сізді күніге үйге шайға шақыратын едім", - деді олар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова