Жағажайда тамақ ішуден аулақ болыңыз! Дәрігер себебін түсіндірді

Тағамнан уланып қалмауыңыз үшін жағажайда тамақтанудан бас тартқан жөн. Мұндай кеңесті жұқпалы аурулар дәрігері Владимир Неронов берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Риамоға" сілтеме жасап.

Оның айтуынша, жағажайға серуенге шыққанда өзіңізбен бірге жуылған жеміс-жидектерді ғана алуға болады.

"Жағажайда пісірілген тағамды жеуге болмайды. Жағажайда мүлдем тамақтанбауға тырысыңыз, тіпті балмұздақ пен тіскебасарлар да, жағажай саудагерлерінен тіптен тамақ сатып алмаңыз. Оның орнына, мейрамхана мен асханаға түскі асқа барыңыз", - деді Владимир Неронов.

Ол жағажайда гигиенаны сақтау маңызды екенін еске салды. Теңізде шомылғаннан кейін теріні тұзды, құмды және түрлі микробтарды жуу үшін душ қабылдау қажет.

Тағы да оқи отырыңыздар: Грантқа түсу үшін қанша балл жинау керек?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!