"Не қара басып қалды бізді". Мейрамбек Бесбаев той әншілерін сынап тастады

Музарт тобының солисі, әнші Мейрамбек Бесбаев той әншілеріне шүйлікті. Өнерпаз той бизнеске наразылығын Қызық times бағдарламасында айтты , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мейрамбек Бесбаев жас әншілердің орысша сөздерді араластырып шығарған әндерін, сынға алды.

"Кезінде аталарымыз да "черный көзім" деп айтты ғой. Ол кезде саясат басқа болды. Біз орыстың ықпалында жүргеннен кейін оларға жағыну мақсатында сондай өлеңдер шықты. Ал қазір тәуелсіздік алған кезде не қара басып қалды бізді?! Орысшаны араластырып, елдің құлағында қалсын деп тілімізді шұбарлап, бізді құртып бітті", - деді Мейрамбек Бесбаев.

Өнер иесі эстрадағы іні-қарындастарына ағалық тілегін айтып, оларды қазақ тілінде сапалы туынды шығаруға шақырды.

"Елдің бәріне "МузАрт" болу шарт емес. Жаппай бәрі "Тойда шырқасақ болды" деген ритммен кете бергені дұрыс емес. Тәп-тәуір түрлері, дауысы бар әншілер. Сол жағы ғана кішкене жүрегіңе тиеді екен. Мен міндетті түрде эстрада мықтыларының жолымен жүріп, солар сияқты ән айту керек деп тұрғаным жоқ. Әндерінің тақырыптары да бір түрлі, сөздері де есте қалмайды. Осы жолмен бәрі кете бермесе екен деген тілек", - деді әнші.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!