Теміртауда үш жасар бала бесінші қабаттан құлап, мерт болды

Теміртауда 5-қабаттағы пәтердің терезесінен үш жасар бала құлап кетті. Дәрігерлер сәбиді аман алып қала алмады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Патриот" Telegram-арнасының мәліметінше, отбасы мүшелері түскі ас кезінде бала жүрген бөлменің терезесін жабуды ұмытып кеткен.

"Теміртау орталық ауруханасының дәрігерлері бар күш-жігерін салғанымен, сәбиді аман алып қала алмады", - деп түсіндірді Қарағанды ​​облысының Денсаулық сақтау басқармасы.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!