Ақтөбеде ауруханада жатқан әйелді палатадағы көршісі алдап кеткен

Ақтөбеде ауруханада жатқан әйелді палатадағы көршісі алдап кеткен
Фото: Турар Казангапов / Tengrinews.kz

Ақтөбеде ауруханадағы әйелді палатадағы көршісі алдап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Полицияға ақтөбелік әйел алаяқтық фактісі туралы арызданған. Оның айтуынша, осы жылдың сәуір айында ол ауруханада емделіп жатқан кезде палатадағы көршісінен телефонға қосымша орнатып беруді сұраған.

Күдікті жәбірленушінің телефонынан 2 млн теңгеден астам сомаға несие ресімдеп, өз шотына аударған. Жәбірленуші бұл туралы банктен несиені төлеу туралы хабарлама келгенде ғана білген. 

Полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен Ақтөбе облысының 51 жастағы тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді. ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина