Есірткі қылмысына қатысы бар қазақстандық пен екі шетелдік сотталды

12 маусымда Қазақстан азаматы мен екі шетелдікке қатысты Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімі күшіне енді. , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олар Қылмыстық кодекстің 264-бабының 1-бөлігі ("трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құру"), 286-бабының 4-бөлігі ("трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрамындағы контрабанда") және 297-бабының 4-бөлігі ("трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында есірткі өткізу") бойынша ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға кесілді.

Тергеу мен сот барысында аталған адамдар Қазақстан аумағында ауыр есірткі контрабандасы мен тасымалдауды ұйымдастыруға тырысқан трансұлттық қылмыстық топтың мүшелері екендігі дәлелденді.

Тінту барысында олардан 1 келіден астам героин, 2 келі апиын, сондай-ақ 4 бірлік атыс қаруы мен оқ-дәрілер тәркіленді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!