Астанада бір көшенің учаскесі толығымен жабылады

Астанада бір көшенің учаскесі толығымен жабылады
Фото: Tengrinews.kz/Турар Казангапов

Астанадағы Қабанбай батыр даңғылының бойындағы учаске толығымен жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сығанақ көшесінен Алматы көшесіне дейін Қабанбай батыр даңғылының бойындағы учаске толығымен жабылады.

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеуге байланысты осы жылдың 17 маусымы сағат 10:00-ден 18 маусым күні сағат 07:00-ге дейін жоғарыда аталған учаске толығымен жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина