"Мейірімді адамдарды іздейміз". Әлеуметтік желіде көшеде көмек сұраған атаның эксперимент-видеосы тарады

"Мейірімді адамдарды іздейміз". Әлеуметтік желіде көшеде көмек сұраған атаның эксперимент-видеосы тарады
Фото: Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде көшедегі фаст-фуд дайындайтын асханалардан ыстық су сұраған атаның эксперимент-видеосы тарады. Видеоны erkanat.myrza есімімен тіркелген парақша жариялаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Эксперимент нәтижесінде бірнеше жер бас тартып, ыстық су бермеген. Тек Абзал есімді жігіт қана көмектесіп, ыстық сумен бірге тез дайындалған тамақтың бірін ұсынады. Видео авторы көмектескен жігітке 20 мың теңге ұсынды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ЕРҚАНАТ КЕНЕН (@erkanat_myrza)

"Мейірімді адамдарды іздейміз", - деп жазды видео авторы.

Желі қолданушылары да жігітке сүйсініп, пікірін білдірді. "Айналайын,атына сай ісі де абзал болды қайнатып,құйып беріп", "ыстық суды да аяйды ма", "Абзал қандай мейірімді бала", "қазір дүние мүліктің соңынан кетіп барамыз, адамгершілік ақырындап ұмытылуда", "жарайсыздар, абзал жандар көп болсын", "мейірімді жандар аз десек те болады" деп жазды олар.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Жайыққызы