Астанада ЖШС-ның бұрынғы бас директоры пара бермек болған деген күдікке ілінді

"Астана-Зеленстрой" ЖШС-нің бұрынғы бас директоры жемқорлық қылмыстар жасады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Астана-Зеленстрой" ЖШС бұрынғы бас директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Ол қылмыстық істі тоқтату үшін құқық қорғау органдарының лауазымды адамдарына алаяқтық жасауға және 15 млн теңге сомасында пара беруге итермелеуге оқталғаны үшін күдікті.

Бұдан басқа, тапсырыс берушілері Астана қаласының жергілікті атқарушы органдары болып табылатын көпжылдық бұталарды отырғызу бойынша орындалған жұмыстардың құнын арттыру жолымен өзінің лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін күдікті.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!