"Әруағынан кешірім сұрап, ұзақ жылайтынмын". Блогер Ырысбала Икрамбай жан сырын ақтарды

Танымал блогер Ырысбала Икрамбай әлеуметтік желідегі парақшасында әкесі туралы естелігін бөлісіп, жан сырын ақтарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол әкесімен соңғы рет сөйлескен сәттегі сөзін есіне алды.

"Әкеммен ең соңғы рет телефонмен сөйлескенімде "сен менің қызымсың, ұмытпа, жақсы бол" деді. Қандай да бір қателік жасасам әкемнің әруағынан кешірім сұрап, "соңғы сөзіңе лайық болмай жүрмін" деп ұзақ жылайтынмын. Әбден жылап бас ауырғанда барып басылып, "қара да тұр, әлі-ақ мен еңсемді тіктеймін" деп жең ішіне жұдырық түйіп қоятынмын. Әкемнің ұл-қыздарына жасай алмаған жақсылығын бауырларыма жасағым келеді. Жылдар бойғы арманыма,ниетіме жеттім. Ең әуелгі қолдаушым құдіреті күшті, ерекше мейірімді Алла, "өс,өн" деп арқамнан қағып батасына, алғысына бөлеп жүрген халқым, қашанда түсіністік танытып сенің арманың - менің мақсатым,бүкіл әлем саған қарсы болса да сенің жаныңда мен боламын дейтін жарыма мың алғыс ,мың шүкір,тәубе! Маған тілеген жақсылықтарыңыз өздеріңізге Алладан еселеп қайтсын", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары блогерге ақ батасын беріп, ізгі тілегін жазды. "Әкеңіздің әруағы сізге риза шығар", "қазағымның нағыз батыр қызы", "әкеңнің ғұмыры қысқа болсада, артын атын жалғастыратын ұрпағының ғұмырлары ұзақ болсын", "қателікті мойындап, адасса да өз жолын таба білген қасиетіңнен айналдым", "Аллаға сансыз шүкір, сендей ырысы мол Рысбала қызды жанашыр етіп халыққа жіберген"  деп жазды олар.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз