Қазақстанда биыл қанша түлек "Алтын белгімен" бітіргені белгілі болды

Қазақстанда биыл қанша түлек "Алтын белгі" алғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, биыл 7420 оқушы "Алтын белгі" алған. 

2024 жылы 11 сыныпты 186 мың түлек аяқтаған. Оның ішінде 7420 адам "Алтын белгі" белгісімен марапатталды, ал 13 727 түлек жалпы орта білім туралы үздік аттестат алды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!