Атырауда ер адам бұрынғы сүйіктісін аңдып, кіреберісте пышақтап тастаған

Атырауда ер адам бұрынғы қызын аңдып, кіреберісте пышақтап тастаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы "Немолчи" қоры хабарлады. Видеода ер адам үйінен шығып келе жатқан әйелді бірнеше рет пышақтап, кетіп қалады. Болжам бойынша ер адам - жәбірленуші қыздың бұрынғы сүйіктісі. 

Қор мәліметінше, қыз Атыраудағы жергілікті супермаркеттің бірінде жұмыс істейді. Қазіргі таңда ол жансақтау бөлімінде жатыр. 

Ескерту! Видеода жантүршігерлік кадрлар көрсетілген!

Полиция департаменті бұл дерекке қатысты пікір білдірді. 9 маусымда 29 жастағы күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған. 

"Күдіктінің жеке басы анықталды, оны ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралар кешені қабылданады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта күдікті мен жәбірленушінің бұрын азаматтық некеде болғандығы анықталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді", - дейді ПД өкілдері. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!