"Бір пәтердің құнына жақын". Аека поштың бір образы қанша теңге тұрады?

Қазақстандық байер, блогер Жансая Махабаева Аека пош лақапатымен танымал блогердің бір образы қанша тұратынын есептеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Блогердің айтуынша, абайка деп аталатын бешпент секілді сырт киімі 80 мың теңге тұрады, ал шалбары 55 мың теңге тұрады, кореялық бренд.

"Аяқ киімі Dolce & Gabbana 347500 теңге, сөмкесі CHANEL 4 миллион 700 мың теңге, болаттан жасалған Cartier сағаты 2 миллион 350 мың теңге, Cartier білезігі 4 миллион теңге, Van Cleef білезігі 2 миллион 500 мың теңге, BULGARI сақинасы 1 миллион 224 теңге, ақ алтыннан Cartier сақинасы 2 миллион теңге, жалпы 17 миллион 247 500 теңге", - деді ол.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!