"Сақ болыңыздар!" Атыраулықтарға маңызды ескерту жасалды

Атырау облысы тұрғындарына ауа райына байланысты маңызды ескерту жасалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Атырау қаласында және облыста аптақ ыстық болады деп болжанып отыр. Қазгидромет Атырау облысы бойынша ауа райына қатысты ескерту жасады.

Синоптиктердің мәліметінше, 17 маусымда түстен кейін Атырау облысында 35-39 градус ыстық, облыстың оңтүстігінде 42 градусқа дейін қатты ыстық сақталады.

17-19 маусым аралығында күндіз Атырау қаласында 40-42 градус қатты ыстық болады деп күтіліп отыр.

Сонымен қатар, өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!