Ішіне азық-түлік тиелген: Ақтөбе облысында жүк көлігі түгі қалмай жанып кетті

Ақтөбе облысында жүк көлігі түгі қалмай жанып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәліметінше, өртсөндірушілер жанып жатқан жүк көлігін сөндірген.

"Ақтөбе облысының аумағында Ақтөбе-Атырау-Астрахань республикалық маңызы бар тасжолының 270-шақырымында азық-түлік тауарлары тиелген жүк көлігі жанды", - деп жазылған хабарламада.

ТЖМ күштерімен өрт ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ.

"Жол көлігінде төтенше жағдай шыққан жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз!" - деп кеңес берді құтқарушылар.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз