Ақтауда түнгі клубтан шыққандар қан-жоса болғанша төбелескен

Әлеуметтік желіде түнгі клуб маңындағы төбелестен кейінгі қан-жоса болып жатқан көшенің видеосы тарады. Видеода Ақтау қаласындағы 8-ықшам аудан екені айтылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.

Видео 911.aktau парақшасында жарияланған.

"Кеше, шамамен таңғы сағат 04:30-05:30 аралығында 8 ықшам ауданда төбес болды, көшеде қан іздері көп. "Алтынфуд" ғимараты маңында түнгі клубтан шыққандар төбелескен, одан кейінгісі белгісіз", ,- делінген видеода.

Оқиға орнында бірнеше полиция көлігі болған. Полиция департаменті бір күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Ол уақытша ұстау изоляторына орналастырылған.

"Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етуге жатпайды", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!