Достарымен шомылуға барған: Павлодарда 10 жастағы бала іздестіріліп жатыр

Петропавлда Есіл өзеніне суға түсуге барып, батып кеткен 10 жастағы бала табылмай жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол 14 маусым күні сағат 15:00 шамасында Есіл өзенінің Зайсан шағын ауданы маңында суға батып кеткен. Бала достарымен шомылуға барған.

Іздестіру жұмыстары кешеден бері жүргізіліп жатыр.

Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, баланы іздеуге жеке құрамнан 13 адам – сүңгуірлер және 5 арнайы техника тартылған.

"Есіл өзенінде іздестіріп жатырмыз. Волонтерлер де, полиция да осы жерде. Әзірше нәтиже жоқ", - делінген хабарламада.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!