"Қолында тапаншасы бар". Талдықорғанда демалыс орнында төбелес болды

"Қолында тапаншасы бар". Талдықорғанда демалыс орнында төбелес болды
Фото: Видеодан алынған кадр

15 маусымда Талдықорғанның демалыс орындарының бірінде оқ атылды. Оқыс оқиғаның видеосы Instagram-дағы Taldykorganec.insta парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Жетісу облысының полиция департаменті бастапқыда тәртіп сақшылары жанжалдың барлық мән-жайларын анықтап, тексеру жүргізіп жатқандарын хабарлады.

Кейінірек ПД төбелеске қатыстылардың барлығы ұсталғанын айтып, олардың бірі әскери адам екенін растады.

"Төбелесті бастағандардың анықталғанын хабарлаймыз, олардың бірі - әскери қызметші. Аталған факті бойынша тергеуді әскери-тергеу басқармасы жүргізеді", - делінген хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жайыққызы