Қызылорда облысында көше ортасында жеңіл көлік аударылып қалды

Қызылорда облысында көше ортасында жеңіл көлік аударылып қалды
Фото: Видеодан алынған кадр

Қызылорда облысы Арал ауданында доңғалағы жарылған жеңіл көлік көше ортасында аударылып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі nezhanalyk.aral парақшасына сілтеме жасап.

Оқиға, 15 маусымда сағат 14:00 шамасында Арал қаласында болған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Нежаналык Арал (@nezhanalyk.aral)

"Аудан орталығындағы Каюпов көшесінің бойында жергілікті тұрғынның "BMW 520" маркалы автокөлігінің оң жақ алдыңғы доңғалағы жарылған. Салдарынан ол рульге ие бола алмай қалған. Осыған сәйкес ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексімен шара көріліп, тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп мәлім етті Арал аудандық полиция бөлімінен.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы