Алматыдан 58 шақырым жерде жер сілкінді

Алматыдан 58 шақырым жерде жер сілкінді
Фото: depositphotos.com

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмологиялық байқаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық стансалар желісі 15 маусымда Алматы уақыты бойынша сағат 18:24-те жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жер сілкінісінің координаттары: 43,700 с.е.76,666 ш.б. құрады. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 58 км жерде орналасқан.

Қазақстан аумағында (MSK-64 шкаласы бойынша) жер сілкінісі сезілген жоқ.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы