Атырау облысында жантүршігерлік жол апаты болып, Өзбекстан азаматы қаза тапты

Атырау облысындағы Атырау-Доссор тасжолында үш көлік соқтығысып, жантүршігерлік жол апаты болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі atpress.kz-ке сілтеме жасап.

Жол апатынан өзбекстандық азамат оқиға орнында қаза тапқан.

"15 маусым күні сағат 06:30 шамасында Атырау-Доссор тасжолының 494-разъезд тұсында КамАЗ, ПАЗ-32053 және Daewoo Nexia көліктерінің қатысуымен жол апаты орын алды. Салдарынан Өзбекстан елінде тіркеуде тұрған Daewoo Nexia автокөлігінің 1973 жылы туған жолаушысы, өзбекстандық азамат оқиға орнында қаза тапты", - делінген хабарламада.

Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!