"Белім ауырып, өкшемді баса алмадым". Жазира Байырбекова денсаулығы сыр бергенін айтты

Әнші Жазира Байырбекова гастрольдік сапарда жүріп, денсаулығы сыр бергенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесінің айтуынша, белі ауырған соң бірден хиджама жасатқан.

"2 маусымнан бері Ташкент, Шымкент, Қызылорда, Тараз, Астана, әр қалада жүрміз. Белім ауырып жүрген соң Жетісайға кетіп бара жатып, Сарыағашта мануалист маманға соқтық. Емін жасап соңында тобығыма хиджама жасады. Ойбаааай, табыққа жасағанда жаман ауырады екен. Бірақ шынында мықты маман екен. Ол менің бүгін халықтың алдына шығып ән айтатынымды білсе бұл процедураны жасамас па еді деп ойлаймын. Мен де кім екенімді, қандай жұмыс істейтінімді айтпағам. Қатты ауырды. Өкшемді баса алмай, аяқкиімімді толық кие алмадым кешке дейін. Содан кеш болды. Биік өкшемді киіп ұзатылатын қызды алып шығып, ауруды сезбей қалдым. Айтайын дегенім, ауруымызды ұмыттыратын, бойымыздағы қан айналымын жақсартатын, тоңып тұрған кезде терлететін қандай қасиеттеріңіз бар, көрермен?! Сіздер көп болып жиналғанда Алладан кейінгі үлкен күш екендеріңізге талай көзім жетті. Амандықтарыңызды тілеймін", - деді ол.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!