Қостанай облысында екі жасөспірім қыз өзенге батып кетті

Қостанай облысында екі жасөспірім қыз өзенге батып кетті
Фото: depositphotos.com

Қостанай облысындағы Үй өзеніне екі жасөспірім суға батып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай Федоров ауданының Кенерал ауылында болған. 2014 және 2015 жылы туған қыздар ересектердің қарауынсыз, жабдықталмаған жерде шомылған.

Құтқарушылар Үй өзенінен бір қыздың жансыз денесін шығарды. Екінші жасөспірімді іздестіру жұмыстары жалғасып жатқаны хабарланды.

ТЖД азаматтарды су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Жайыққызы