ШҚО тұрғыны мопед ұрлағаны үшін қылмыстық іс қозғалды

ШҚО тұрғыны мопед ұрлағаны үшін қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полицейлерге мопед ұрланғаны туралы өтінішпен облыс орталығының тұрғыны жүгінген.
Жәбірленушінің айтуынша, таңертең белгісіз біреу оның подъезінің жанында тұрған "KhanMoto" маркалы мопед көлігін иемденген.

Бейнебақылау камераларының арқасында полицейлер "ізін суытпай" ұрының кім екенін анықтады. Ол 34 жастағы облыс орталығының тұрғыны болып шықты, кейін ол өз іс-әрекеттерін мойындады.

Полиция қызметкерлері күдіктіден заттай дәлелдеме ретінде мопедті тәркіледі. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!