Түркістанда жиһаз цехынан өрт шығып, оны сөндірмек болған жұмысшылар зардап шекті

Түркістанда жиһаз цехында өрт шықты. Жалын 1150 шаршы метр аумақты шарпыды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Жиһаз цехындағы өрт 11:12 шамасында шыққан. Өртті өз бетімен сөндіру кезінде цехтың екі жұмысшысы зардап шегіп, қалалық ауруханаға жеткізілгені айтылды.

Өрт орнына 10 техника барған. Сағат 12:10-да өрт оқшауланып, көп ұзамай сөндірілді. Өрт аумағы 1150 шаршы метр болады. Шығу себептері анықталып жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!