Павлодарда нан сататын дүңгіршекте егеуқұйрық жүрген. Иесі айыппұл төлейді

Павлодарда нан сататын дүңгіршектің иесіне айыппұл салынды. Мамандар тексерісті аяқтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Портал мәліметінше, 4 маусымда қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына Назарбаев көшесі бойында тұрған дүңгіршектегі нан-тоқаш өнімдерінің үстінен егеуқұйрық жүгіріп жүргені туралы шағым түскен. Басқарма қызметкерлері жоспардан тыс тексеріс ашып, кәсіпкерлік нысанға барғаны айтылды.

"Тамақ өнімдерін сақтау және өткізу кезінде санитарлық нормалардың бұзылуы анықталды", – деді басқарма өкілдері.

Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша, ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы 1-бөлігіне және 463-бабы 1-бөлігіне сәйкес жеке кәсіпкерге қатысты шаралар қабылданды. Ол 250 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеп, заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау керек. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!